ШЫМКЕНТТЕ 16 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН
Шымкентте 16 төтенше жағдай қызметкері коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Instagram парақшасында жариялады. «Өкінішке қарай, барлық қабылданған шараларға қарамастан, КВИ диагнозы расталған шымкенттіктердің саны артып келеді. 21 сәуір сағат 12:30-дағы жағдай бойынша қаламызда аталған індетті жұқтырғандар саны 103 адамға жетті. Белгілі болғаны, кеше анықталған 23 науқастың 16-сы — төтенше жағдай қызметінің…