ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 4 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ
(10.05.2020 жылғы сағат 13:00-дағы мәлімет бойынша) Вирус жұқтырған 1987, 1988, 1994 жылы туған азаматтар ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған және 1955 жылы туған ер кісі өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде….