ШЫМКЕНТТЕ СҮГІР ӘЛІҰЛЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Бүгін үшінші мегаполисте шертпе күйдің шебері Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды. Халқымыздың қуанышы мен шаттығын, мұң мен зарын, қайғы-қасіретін қос ішекті домбыра үнімен ғасырлардан бізге жеткізген, киелі аспап домбыраны жан-тәнімен ұғып, өміріне арқау еткен даланың дарабоз күйшілерінің бірі — Сүгір Әліұлына арналған жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және өңіріміздің зиялы қауым өкілдері қатысты….

Читайте далее

Қ.ТОҚАЕВ: «ШЫМКЕНТТІҢ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ РЕТІНДЕ ТАНЫЛУЫ — ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ҮШІН ЗОР ЖЕТІСТІК»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсіміне қатысушыларды құттықтауы «Ардақты ағайын! Құрметті шымкенттіктер! Биыл шырайлы Шымкент шаһары Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің мәдени астанасы ретінде баршаға танылды. Бұл – қала тұрғындары және бүкіл Қазақстан халқы үшін зор жетістік. Осы игі бастама төл мәдениетіміз бен өнерімізді танытып, қазақтың салт-дәстүрін…

Читайте далее

«ШЫМКЕНТ – ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ 2020» ЖЫЛЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі онлайн форматта «Цитадель» тарихи-мәдени кешенінде өтті. Іс-шара Ońtústik TV және YouTube-та Bridge TV арналарында көрсетілді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мерекелі жылды қорытындылап, ТМД мәдени астанасы эстафетасын Душанбе қаласының төрағасы Рустами Эмомалиға табыстады. –Шымкент – 2200 жылдық тарихы бар көне шаһар. Осынау тарихи қаламыздың…

Читайте далее

«ШЫМКЕНТ ТМД МӘДЕНИ АСТАНА» ЖЫЛЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫНА ОРАЙ  МӘДЕНИ ШАРАЛАР ӨТТІ

Шымкентте «Шымкент – ТМД мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі аясында ұйымдастырылған іс-шара  Абай саябағындағы поэзия және әдебиет бұрышы көрмесінен бастау алды. Кітап көрмесіне қаладағы 5 кітапхана (37 бөлімшелері) өңірлік ақын-жазушылардың туындылары қойылды. Шараға келушілерді әсем әнмен күтіп алған әжелер кештің шырайын ашты. Мерекелік шара «Piano Performance» яғни,   орыс драма театры алдында түрлі-түсті бояуларға…

Читайте далее

ШЫМКЕНТ «АРБАТЫНДА» ӨНЕР КӨРСЕТКЕН ТАЛАНТТАР ЖҰРТШЫЛЫҚТЫ ТӘНТІ ЕТТІ

«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылуы аясында қала тұрғындарын керемет көңіл күйге бөлеген ерекше шаралардың бірі «Арбат» демалыс орнында ұйымдастырылды. Дәл бүгін «Арбат» алып театр сахнасына айналды десек те болады. «Өнерліге өріс кең» дегендей, мұнда қаладағы мәдени саланың көптеген өнерпаздары, театр әртістері көпшілікке өз өнерлерін ортаға салуда. «Арбаттың» кіреберісінен көрерменді қарсы алған…

Читайте далее

«ШЫМКЕНТ – ТМД-НЫҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЖЫЛЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ 21-22 ҚАРАШАДА ӨТЕДІ

Биыл Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы жылы аталып өтілді. Пандемияға байланысты көптеген іс-шаралар онлайн режимде өтті. 21-22 қарашада эстафета Душанбеге беріледі екен. Бұл жөнінде қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан хабарлады. — Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы жылының жабылу салтанатын қалай өткіземіз деп көп ойландық. Бір жағынан эпидталаптар бар, екінші жағынан мәдени іс-шаралар тұр. Онлайн…

Читайте далее

«ДОСТАСТЫҚТЫҢ ОПЕРА ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ОНЛАЙН-ФЕСТИВАЛІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында 2020 жылдың 15-31 қазан аралығында «Достастықтың опера жұлдыздары» онлайн-фестивалі өтті. Фестивальге Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы және елімізден жалпы 11 опера орындаушысы қатысты. Фестиваль классикалық музыканың биік шыңы саналатын опера өнерін әлеуметтік желі тыңдаушылары арасында насихаттау, ТМД елдері арасында мәдени ынтымақтастық ауқымын кеңейту және қазақтың ұлы ақыны Абай…

Читайте далее

АЛҒАШ РЕТ ОПЕРА ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ОНЛАЙН-ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

«Шымкент 2020-ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында 2020 жылдың 15-31 қазан аралығында ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында опера орындаушыларының «Достастықтың опера жұлдыздары» атты онлайн фестивалі өтеді. Фестиваль — ТМД елдері арасында мәдени ынтымақтастық ауқымын кеңейтіп, жаңа шығармашылық байланыстар орнату, классикалық музыканың биік шыңы саналатын опера өнерін әлеуметтік желі тыңдаушылары арасында насихаттау, жастар арасында классикалық музыканы кеңінен таныту,…

Читайте далее

ШЫМКЕНТТЕГІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Рухани Қазына – 2020» республикалық байқауында «Шымкент қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Үздік мәдениет үйі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ұлттық музейде байқау жеңімпаздарын марапаттады. Әр номинация бойынша жеңімпаз ұжымға 1 000 000 теңге, әр номинация бойынша жеңген жекелей азаматқа…

Читайте далее

ШЫМКЕНТ: ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында жеңілдетілген карантин режиміне сәйкес 28 қыркүйектен бастап қаладағы барлық театр өз көрермендері үшін қайта есігін ашты. Бүгінгі таңда қалада 6 театр және 1 мәдениет үйі жұмыс жасайды. Жаңа маусымда қала тұрғындары мен қонақтарын түрлі премьераларымен қуантпақ. Атап айтқанда, Өзбек драма театры 29-30 қыркүйек күндері «Әпендізада» комедиясын ұсынады. Ал Шымкент қалалық академиялық драма театрында…

Читайте далее