ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН РЕЖИМІНЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ЕНГІЗІЛДІ
29 сәуірден бастап Шымкентте карантин жеңілдетілді. Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев тиісті қаулыға қол қойды. Атап айтқанда, жеңілдіктер азаматтардың серуендеуіне рұқсат беруге қатысты. Сонымен қатар, енді балаларға тұрғын үй аулаларындағы балалар ойын алаңдары аумағында серуендеуге рұқсат берілді. Мұны тек ата-аналардың бақылауымен сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жасай алады. Бұл ретте балалардың ойын алаңдарында көптеп…