ШЫМКЕНТ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің өкіміне сәйкес қала әкімінің орынбасары болып Айманбетов Маулен Зарлықұлы тағайындалды. Маулен Зарлықұлы 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы бойынша инженер-автомобиль жолдарының құрылысшысы, агроном, экономист және іскерлік әкімшілендіру магистрі. Қызметтік жолын 1990 жылы «Алматы қала құрылысы» тресінің 2-ші құрылыс-монтаждау басқармасының шебері болудан…