ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МОНИТОРИНГ ТОПТЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі Ғ.Мәуленқұлов бастаған қоғамдық мониторингтік топ аудан аумағындағы орналасқан ірі дәріханаларда болып, халық сұранысындағы дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі мен бағасының тұрақтылығына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Ондағы мақсат – дәріхана сөрелерінде дәрі-дәрмек тапшылығын, бағаларының шарықтау деңгейін, сатып алынған дәрі-дәрмекке чек берілу-берілмеуін қадағалау, сондай-ақ дәрі бағаларының мемлекет бекіткен баға тұрақтылығы мен халыққа қолжетімділігі бойынша мониторинг жүргізу. Әл-Фараби…