ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАЛҒЫЗ «ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР» ОРТАЛЫҒЫ — ШЫМКЕНТТЕ
Еліміздегі жалғыз «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы Шымкент қаласында орналасқан. Дәстүрімізді дәріптеп, киелі құт орынға айналған бұл орталық 2014 жылы ел игілігіне берілген. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалаға жасаған іссапары кезінде ашылуына арнайы қатысқан. Бұл мекеме республиканың өзге өңірлері мен облыстарында жоқ бірегей, ұлттың ұлт екендігін танытатын, оның өткені мен бүгінін сабақтастыратын орталық болып табылады. Мұнда салт-дәстүр,…