ШЫМКЕНТ: «АБАЙ СӨЗІ» ОНЛАЙН-ОҚУЛАРЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында Достастық елдері арасында қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай сөзі» онлайн–оқулары өз мәресіне жетті. Оған жалпы 253 адам қатысты. Оның ішінде ТМД елдерінен — 45, өзге мемлекеттерден — 21, елімізден 187 қатысушы ақынның туындыларын жолдады. Достастық елдерінен Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан,…