ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
9 мамыр — Жеңіс күніне орай «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Шымкент қалалық партия филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов бастаған бір топ халық қалаулысы, партияластар ардагерлер шаңырағына бас сұқты. Бүгінде Шымкентте үш-ақ соғыс ардагері қалған. Соның бірі-Нина Мосунова. Қария биыл 99 ға келіп отыр. Ол 1942 жылы әскерге өз еркімен аттанып, Казань қаласында телеграфист мамандығын…