ШЫМКЕНТТЕ «АҚЫЛДЫ АЯЛДАМА» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Шымкент қаласында цифрландыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Бүгінде қоғамдық көлік саласына ақпараттық-технологиялық жүйелерді енгізу — басым бағыттардың бірі. Басқарма басшысы Әсет Маратұлының айтуынша, пилоттық режимде Тәуке хан даңғылының 3 қиылысында (Қазыбек би, Тәшенов және Дулати көшелерінің қиылысы) жол қозғалысын реттейтін автоматтандырылған бағдаршамдар орнатылды. Интеллектуалды көлік жүйесі нәтижесінде қалада қиылыстардағы көлік қозғалысы тиімділігі 42-48 %-ға…