САУДА ОРЫНДАРЫНДА ТӨЛЕМДЕР ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЖАСАЛАДЫ
Бұл туралы Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады. — Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! «COVID-19» каронавирустың таралуының негізгі тәуекелі адамдар көп жиналатын орындар, оның ішінде — банкоматтар. Коронавирустың таралуын азайту мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі келесі қолма-қол ақшасыз есеп айырысу әдістерін қолдануды ұсынады: — банк картасымен төлеу; — мобильді банктік қосымшалар; — төлем операторларының онлайн-сервистері,…