ИНВЕСТОР КӨМЕГІМЕН АШЫЛҒАН ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАН 200 НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Шымкент қаласында инвестор көмегімен ашылған стационарда алғашқы он күнде 344 науқас жатқызылып, олардың 200-ге жуығы емделіп шықты. 400 төсек-орындық ЖРВИ және пневмониямен күдікті науқастарға арналған провизорлық емдеу орны күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Емдеу орталығында білікті 21 дәрігер мен 70 орта буын медицина қызметкері бар. Мұнда 34 оттегі балонын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, барлық қажетті дәрімен…