ТӘУЕЛСІЗДІК САЯБАҒЫНА СӘНДІК АҒАШТАР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Бүгін Шымкенттегі «Тәуелсіздік» саябағында қала әкімдігі 300 түптен астам сәндік ағаш көшеттерін отырғызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді» деген болатын. Президент айтқан межені жүзеге асыру мақсатында осы жылдың күз мезгілінде қала аумағында 700 мыңнан…