ШЫМКЕНТ: ҮШ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМҒА КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ АППАРАТЫ САТЫП АЛЫНДЫ
Пневмонияға шалдыққан науқастарды медициналық тексеруден өткізу үшін 3 компьютерлік томография аппараты сатып алынды. Бұл туралы бүгін ақпараттық-комуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Позилов Бақытжан мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, жаңадан сатып алынған аппараттар қалалық инфекциялық аурухана, №2 және №3 қалалық ауруханаларына орнатылған. «Компьютерлік томография аппараты өкпесі қабынған науқастарды емдеуде…