ШЫМКЕНТ: №89 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ШАХМАТ ПЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТА БІЛІМ БЕРУДЕ КӨШБАСШЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Асар шағын ауданындағы №89 мектеп-лицейіне барып, білім ұясының тыныс-тіршілігімен танысты. Қаладағы №89 мектеп-лицейі 2011 жылы пайдалануға берілсе, 2012 жылдан бастап экологиялық бағытта білім беріп келеді. Қазіргі таңда мектепте 2223 оқушы мен 187 мұғалім бар. Мектеп ғимаратын аралаған қала әкімі шахмат үйірмесінің жұмысымен танысты. Білім мекемесі 2012 жылы балаларға шахмат үйретуді…