КӘСІПКЕРЛЕР БИЗНЕСІН БАСТАУ ҮШІН ПЛАТФОРМА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ә.Төлебаев және Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаевтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде қаламызда енгізілген карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету және 17 тамыздан бастап іске қосылатын нысандар бойынша сөз қозғалды. – Мемлекеттік комиссия отырысында еліміздегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 17 тамыздан бастап шектеу…