БЕКЕТТЕРДЕ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ҚЫЗМЕТТЕ ТҰР
Шымкент қаласы бойынша 13 санитарлық бекетте медицина мамандары тәулік бойы кезекшілікте тұр. Қалаға кірген көліктер тоқтатылып, дәрігерлер жүргізушіден бастап жолаушылардың дене қызуын өлшейді. Бұл үшін қаланың кіретін жолдарындағы блок-бекеттерге 13 жедел медициналық жәрдем бригадасы (13 санитарлық автокөлік, 13 фельдшер, 13 жүргізуші), 45 орта медициналық қызметкер (фельдшер, медбике) жұмылдырылған. Блок-бекеттердегі медициналық пункттер сымсыз термометрлермен толық қамтамасыз…