«ЖЕЛБІРЕ, МЕНІҢ ЖАЛАУЫМ!» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ
Шымкентте мемлекеттік рәміздер күніне орай «Желбіре менің жалауым!» атты патриоттық акция өтті. Тәуелсіздік саябағындағы «Мемлекеттік рәміздер» алаңынан бастау алған акцияны Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі ұйымдастырды. Жастар акцияда көк байрағымызды көкке желбіретіп, ҚР Мемлекеттік Әнұранын шырқады. Сондай-ақ, тұрғындар арасында ТУ, Елтаңба, Әнұран жайында сауалнамалар жүргізіп, жалаушалар таратты. Еліміздің рәміздерін…