ШЫМКЕНТТЕГІ ТӨРТ АУРУХАНАҒА ОТТЕГІ БЕКЕТІ ОРНАТЫЛАДЫ
Шымкент қаласындағы 4 аурухана базасында арнайы оттегі станциясы орнатылады. Олар қалалық перзентханада, қалалық жұқпалы аурухана мен №1 қалалық ауруханада және №2 көпсалалы ауруханада. Аталған әр медицина мекемелерінде кислородтық 50 төсек-орын ашылады. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді. Ербол Садыр бұдан бөлек Шымкент қаласында тағы бір кислород өндіретін цех іске қосылатынын атап өтті….