ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАҒЫ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Шымкенттегі провизорлық стационардың бірінен вирустық инфекцияға шалдыққан соңғы науқас жазылып шықты. Қала тұрғыны Тастанова Мақпал Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына 19 тамыз күні жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Тексеру барысында науқаста екі жақты вирустық пневмонияның бары анықталған. Дәрігерлер науқастың жағдайын байқап, бірден ем-дом шараларын жүргізген. Денсаулық жағдайы жақсарған көп балалы ананы дәрігерлер бүгін арнайы стационардан шығарып…