ШЫМКЕНТ: 42 500 ТЕҢГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ АЛУДЫҢ ТӘРТІБІ
Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде, 42 500 теңге жәрдемақы төлеудің тәртібі барынша жеңілдетілді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді. — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге жәрдемақы алатын азаматтардың тізімі кеңейтілетінін мәлімдегені белгілі. Осыған орай аталған жәрдемақыны…