ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН 6497 АДАМ БАСПАНАЛЫ БОЛҒАН
Шымкент қаласында 2019 жылдың желтоқсан айынан бері тұрғын үй кезегіне тіркеу автоматтандырылған жүйеде жүзеге асып келеді. Нәтижесінде тіркеуде тұрған азаматтар жөнінде ақпарат жүйесінің базасы қалыптасты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалада тұрғын үй кезегіне жалпы 42 094 азамат тіркелген. Оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, «Алтын» және «Күміс» алқа иелері, «Батыр ана» наградасы иелері,…