ІНДЕТПЕН КҮРЕСІП ЖАТҚАН МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады. Осы кезеңге дейін Шымкент қаласында карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты нақты шаралар қолға алынды. Соның нәтижесінде эпидемиялық жағдай тұрақтанып, қаламызда бүгіннен бастап бірқатар енгізілген шектеулер алынуда. Алайда тұрғындардың қауіпсіздігі үшін Шымкентте карантин режимі 25 мамырға дейін жалғасады. Бұл ретте қазір қаланың кіреберістерінде 18 блок-бекет…