ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы және қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындардың өтініш- шағымын тыңдауға Шымкент қаласы Қоғамдық келісім КММ басшысы Ербол Байқонақов, «Оңтүстік» телеарнасының директоры Уәли Қыдыр, тұрғын үй және мәдениет, тілдерді дамыту, архивтер басқармасының маманы қоса шақырылды. Бұл күні жоғарғы оқу орнының ұстазы Ғалымжан Танабаев сұрақтарымен жүгінді….