ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫНДА 100 ЛИТР ТІЛЕУ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ
Бүгін Көрісу күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ары қарай жалғасты. 12 қанатты киіз үй тігіліп, Ұлыстың ұлы күніне ошаққа от жағылып, күбіде май пісіліп, самаурында шай қайнатылды. Ақ түйенің қарны жарылды, Жер Ананың көкірегі босанып, елдің аузы аққа жетті. Қыстан есен-сау шығып, аналарымыз жеті түрлі дәмнен тілеу көже әзірледі. Қала тұрғындары абзал аналарымыздың ел амандығы…