Өлең — сөздің патшасы
Бүгін Оқушылар сарайында Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында «Өлең – сөздің патшасы…» атты көркемсөз оқу шеберлері байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің қызметін кеңейту және қолданыс мәдениетін арттыру,ұлы Абай мұрасын кеңінен насихаттау арқылы жастардың қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген құштарлығын…