«НҰРСӘТ» ӨНЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ
Үшінші Мегаполисте 150 балаға арналған өнер мектебі ашылды. Бүгін аталған «Нұрсат» өнер мектебіне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы барып танысып қайтты. Қазіргі күні өнер-білім орталықтарының көбейгені рас. Бұл жастардың өнер мен білімге деген сұранысының жоғары екенін білдірсе керек. Өзгеге ұқсамайтын саз мектебінің негізінде құрылған тәрбие ошағы өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды үйретуді мақсат тұтады….