ШЫМКЕНТТЕ МӘМС ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ПРЕСС-ТУР ӨТТІ
Шымкентте МӘМС жүйесі бойынша мектептегі оқушыларға көрсетілетін медициналық көмекті БАҚ-на таныстыру үшін пресс-тур өтті. Шара барасында жиналғандар Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясындағы медициналық пунктің жағдайымен танысты. Атап айтқанда, журналистер қабылдау бөлімі мен ем-шара кабинетінің жұмысын көріп шықты. Мектептегі медициналық кабинеттерде алғашқы медициналық көмек және профилактикалық қызметтер көрсетіледі. Мұндағы медицина мамандары автоматандырылған басқару жүйесі арқылы жұмыс істейді….