8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні: тарихы мен маңызы

8 Наурыз – әлемнің көптеген елдерінде аталып өтетін ерекше мерекелердің бірі. Бұл күн – әйелдердің қоғамдағы рөлін, олардың еңбегі мен жетістіктерін құрметтейтін күн. Халықаралық әйелдер күні тек гүл мен құттықтау ғана емес, сонымен қатар әйелдердің құқықтары, теңдігі мен қоғамдағы орны туралы еске салатын маңызды дата. Бұл мерекенің тарихы ХХ ғасырдың басынан бастау алады. 1908 жылы…

Читайте далее

РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ: ІЗГІЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ

Қасиетті Рамазан айының ізгілік пен мейірімге толы рухын кеңінен насихаттау мақсатында 2026 жылдың 26 ақпан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Аталған бастама аясында «Қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталығына» қаржылай көмек көрсетіліп, тағдыр тауқыметін тартқан балаларға жан-жақты қолдау білдірілді. Игі шараның басты…

Читайте далее

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызын қабылдады Кездесу барысында еліміздегі опера өнері мен мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды. Президентке Шымкентте қалалық опера және балет театрының жаңа ғимаратын салу жоспары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар Майра Мұхамедқызы Президентке өңірдегі опера және театр өнерін дамыту жұмыстары, сондай-ақ жас әншілерді,…

Читайте далее

ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ АҚ ОРАМАЛДЫ ДӘРІПТЕП ЖҮР

Халқымызда ақ орамалдың орны ерекше. Осы орайда, өңірде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім” мекемесінің қолдауымен және Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің атсалысуымен «Ақ орамал» акциясы ұйымдастырылды. Қазақ қоғамы үшін ақ жаулықты ананың рөлі қашанда жоғары. Айналаға аналық мейірім-шапағаттың нұрын сепкен, ұрпаққа тәлім мен тәрбие берген акцияның мәні де, маңызы да ерекше. ҚХА…

Читайте далее

ШЫМКЕНТТЕ ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Шымкент орталық мешітінде әжелер мектебінің салтанатты ашылу шарасы өтті. Салтанатты шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжанова және әжелер мектебінің мүшелері қатысты. Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы сөз алып, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы…

Читайте далее

ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВҚА 175 ЖЫЛ

Бүгін «Абай» саябағында зиялы қауым өкілдері, ақындар, айтыскерлер, кітапханашылар, оқырмандар және қала тұрғындарының қатысуымен Халық жыршысы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Халық фольклорының феномені» тақырыбында әдеби-музыкалы кеш өтті. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аталып өтуде. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жарлығымен ұлы ақынның мерейтойын жоғары дәрежеде ұйымдастырып мазмұндық деңгейін қамтамасыз…

Читайте далее

ШЫМКЕНТТЕГІ КІТАПХАНАЛАРДА «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінде «Парасат жолы» орталығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына жазушы, журналист, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Мархабат Байғұт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев, Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қалалық филиалының директоры Бахадүр Жеңіс, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова, ақпараттық-ағартушылық…

Читайте далее

ШЫМКЕНТ: «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТТЫҚ ТУРНИРІНІҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Үшінші мегаполистегі №89 IT мектеп-лицейінде «Шымкент қаласының Дарын орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен жалпы орта мектептердегі жоғары сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» атты республикалық дебаттық турнирінің қалалық кезеңі өтті. Турнирге қатысуға, яғни қалалық кезеңге жалпы 52 топ, оның ішінде қазақ лигасына 34, орыс лигасына 12 өтінім түссе, ағылшын лигасына 6 топ турнирге қатысты. Жалпы 100-ден астам…

Читайте далее

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

«Кundelik.kz» электронды журналды сапалы және уақытылы толтыру бойынша Шымкент қаласының мектептері республикада үздік деп танылды. Бұл ретте, қаламыздың педагогтері мен оқушылары, ата-аналар және Білім басқармасы саласының мамандары аса белсенділік көрсеткен. Елімізде «Кundelik.kz» электронды журнал жүйесі ҚР Білім және Ғылым министрлігімен 2016 жылдан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жұмыс істеп келеді. Пандемияға байланысты қашықтан оқыту электронды журналдың…

Читайте далее

МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қалалық опера және балет театрының жаңа басшысын мекеме қызметкерлеріне таныстырды. ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі. Ол 1969 жылы 9 мамырда ҚХР-да дүниеге келген. Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы)…

Читайте далее