РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ: ІЗГІЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ

Қасиетті Рамазан айының ізгілік пен мейірімге толы рухын кеңінен насихаттау мақсатында 2026 жылдың 26 ақпан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

Аталған бастама аясында «Қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталығына» қаржылай көмек көрсетіліп, тағдыр тауқыметін тартқан балаларға жан-жақты қолдау білдірілді. Игі шараның басты мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыру, қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру және көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу болып табылады.

Рамазан айы – сабыр мен шүкіршіліктің, жанашырлық пен қамқорлықтың айы. Осы орайда кафедра ұжымы тарапынан жүзеге асқан бұл игі іс – адамгершілік құндылықтарды дәріптеудің, бірлік пен ынтымақты нығайтудың жарқын көрінісі.

Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, қоғам игілігіне бағытталған нақты істермен толыға бермек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *