Crystal Study білім беру компаниясының кеңсесі ашылды

Бүгін Шымкент қаласында Crystal Study білім беру компаниясының жаңа кеңсесі ашылды. Бұл іс-шара халықаралық білім беру саласына арналған екі күндік бағдарламаның басталуы болды. «Шетелде білім алу» көрмесі 21 қараша күні Rixos Khadisha Shymkent қонақүйінде өтеді. Оған 19 елден 160-тан астам университет пен білім беру орталығы қатысады.

Жобаны ұйымдастырушы – 2013 жылдан бері шетелдік мектептерге, колледждер мен университеттерге оқуға түсуге қолдау көрсетіп келе жатқан Crystal Study халықаралық компаниясы. Сонымен қатар, компания тілдік бағдарламалар, білім беру сапарлары және кәсіби бағдар беру бағыттарында жұмыс істейді.

Іс-шараға Шымкент қаласы әкімдігі мен білім басқармасының өкілдері, оқу орындарының басшылары, педагогтер, кәсіби бағдар мамандары және шетелдік серіктестер шақырылған. Көрменің негізгі аудиториясы – 9–11-сынып оқушылары, студенттер, ата-аналар және жас мамандар.
Ал, көрменің басты мақсаты – Шымкент пен Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі жастардың сапалы халықаралық білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, шетелде оқуға түсу жолдарын таныстыру және оқу орындары мен халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Ұзақ мерзімді перспективада бұл бастама өңір жастарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, адами капиталды дамытуға және заманауи білім беру ресурстарына қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған.
Crystal Study компаниясының басшысы Мұхтар Әуезовтің айтуынша, Шымкентте ашылған жаңа кеңсе компанияның Қазақстандағы үшінші өкілдігі болып саналады.
«Бүгін біз Шымкент қаласындағы жаңа ғимаратымызды ашып отырмыз. Мұнда IDP IELTS емтиханын тапсыру орталығы мен тілдік дайындық курстары да жұмысын бастайды. Біздің басты мақсатымыз – жастарға, соның ішінде гранттық бағдарламалар арқылы да сапалы халықаралық білім алуға мүмкіндік беру. Осылайша, түлектеріміз Қазақстанды әлемдік деңгейде лайықты таныта алады.
13 жылдық жұмысымыздың нәтижесінде 974 серіктеспен байланыс орнатып, 3,5 мыңнан астам студентті шетелде білім алуға жібердік. Олардың көпшілігі елге оралып, туған жерінде еңбек етіп жүр. Ертең, 21 қараша күні мектеп оқушыларын, студенттер мен ата-аналарды Rixos Khadisha қонақүйінде өтетін көрмеге шақырамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *