Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін, инфрақұрылымы мен басқару процестерін бірыңғай цифрлық ортада бақылауға мүмкіндік беретін AIQYN кешенді цифрлық жүйесі әзірленді. Жүйе алғаш рет Шымкент қаласында жасалған және бүгінде еліміздің өзге өңірлерінде баламасы жоқ. Қазіргі таңда қаладағы 147 мектепті қамтитын, интеллектуалды бейнеаналитика функциясы бар 12 мыңнан астам камера жүйеге қосылған.
Ақпараттық сайт