«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» БАҒДАРЛАМАСЫ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызын атап өтті. Президенттің айтуынша, аталған бағдарлама азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және ұлттық экономиканы жандандыруға зор ықпал ететін еліміздің тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі болмақ.

Бастаманың негізгі бағыттарының бірі – құрылыс саласының әлеуетін кеңейту және елдегі инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді дамыту. Бұл ретте құрылыс жұмыстарының ауқымын арттырумен қатар, отандық кәсіпорындардың белсенділігін күшейтуге де басымдық беріледі.

Бағдарламаның жүзеге асуы экономиканың сабақтас салаларына оң әсерін тигізіп, жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға негіз болмақ.

«Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыру барысында отандық құрылыс материалдарын өндіру көлемін арттыруға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнестің дамуына, ішкі нарықтың нығаюына және өңірлердің экономикалық әлеуетінің артуына оң ықпал етеді.

Сонымен қатар бағдарламаны жүзеге асыруда құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, заманауи технологияларды енгізу және инфрақұрылымдық жобаларды тиімді жоспарлау маңызды. Қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану, жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету және белгіленген мерзімдердің сақталуы бағдарламаның нәтижелі орындалуының негізгі шарттары болуы тиіс.

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы – еліміздің ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін стратегиялық бастама. Оның жүйелі жүзеге асырылуы өңірлер арасындағы инфрақұрылымдық теңсіздікті азайтуға, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және азаматтарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға ықпал етпек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *