БАНК АЛДЫНДА КЛИЕНТТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында банкте кезекте тұрған азаматтардың ара-қашықтығы 1,5-2 метр болуы тиіс. Бұл ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен бекітілген.

Қазіргі таңда Шымкентте қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін банк бөлімшелерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Оған 41 полиция қызметкері мен 4 дәрігер жұмылдырылған.


Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қаламыздағы банк бөлімшелерінде барлық сақтық шаралары күшейтілген. Мәселен, «Halyk Bank» АҚ-ның Шымкенттегі 40-қа жуық бөлімшесінің алдында кезек күтетін арнайы жолақтар сызылған. Сондай-ақ Kaspi Bank бөлімшелерінің алдында да клиенттерге дәл осындай қолайлы жағдай жасалуда. Онда маскалық тәртіп қатаң сақталған, кеңесшілер қолғаппен жұмыс істеуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *