Шымкентте Құрылтай депутаттарының сайлау күні тұрғындар өз азаматтық ұстанымын ерекше форматта білдірді. Қала тұрғындары дауыс беруге алып әуе шарымен ұшып келіп, сайлау күнінің есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.
Әуе шары қала аспанында қалықтап, жүздеген тұрғынның назарын аударды. Сайлау учаскесінің маңына сәтті қонған әуе шары тұрғындар арасында ерекше қызығушылық тудырды. Ерекше тәсілді таңдаған азаматтар ұшу барысын қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып ұйымдастырып, сайлау учаскесіне кіріп, өз таңдауларын жасады.
Креативті бастаманың басты мақсаты – ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға назар аудару және азаматтық белсенділіктің түрлі қырын көрсету. Қала тұрғындарының айтуынша, бұл ұшу азаматтық парыздың және ел болашағына деген жауапкершіліктің әрдайым жоғары деңгейде болуы керектігін білдіреді.
«Бүгінгі күн – еліміз үшін маңызды тарихи кезең. Біз дауыс беруге ерекше жолмен келуді ұйғардық. Әуе шарымен көтерілу арқылы азаматтық жауапкершілік пен ел болашағына деген көзқарасымызды символдық түрде жеткізгіміз келді. Ең бастысы – әр азамат өз таңдауын жасап, ел өміріне белсенді қатысуы қажет», – деді дауыс беруге келген тұрғындар.
Сайлау учаскесіне келген азаматтар белгіленген тәртіппен тіркеуден өтіп, сайлау бюллетеньдерін алды. Дауыс беру рәсімі қолданыстағы талаптарға сәйкес жүргізілді. Тұрғындар өз таңдауын жасап, конституциялық құқықтарын жүзеге асырды.
Әуе шарымен дауыс беруге келу бастамасы сайлау күнінің ерекше көріністерінің біріне айналды. Мұндай креативті қадамдар азаматтардың қоғамдық-саяси шараларға қызығушылығын арттырып, сайлаудың маңызын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.
Құрылтай сайлауы – азаматтардың елдің болашағына қатысты өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық-саяси үдеріс. Әрбір азаматтың дауыс беруі – ел дамуына қатысты азаматтық ұстанымын білдірудің бір жолы.
Шымкентте сайлау учаскелері белгіленген тәртіппен жұмыс істеп, тұрғындардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдай жасалды. Ал әуе шарымен келген креативті сайлаушылардың таңдауы – азаматтық белсенділіктің ерекше әрі есте қаларлық үлгісі болды.