МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны барысында қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Әскери қызмет – Отан алдындағы үлкен жауапкершілікті талап ететін абыройлы міндет. Оқу-жаттығу кезінде әскери міндетін орындап, қызметтік борышын соңына дейін атқарған сарбаздар мен офицерлердің ерлігі ел жадында сақталады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Мұхтарұлы Олжас  – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Аяпберген Сержан Талғатұлы  – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы  –  29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Гилаж Ақжайық Болатбекұлы  – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Диханбаев Олжас Тәжібайұлы  – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Жаңабай Әсет Саматұлы  29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);

Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Мәдіхан Азамат Болатбекұлы  – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);

Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы  –  29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы  – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);

Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).

Қазақстан халқы Отан қорғау жолында қаза тапқан әскери қызметшілердің ерлігін ешқашан ұмытпайды. Олардың жарқын бейнесі мен ел алдындағы еңбегі ұрпақ жадында сақталып, патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің үлгісі болмақ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *