Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы жобалармен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы аясында жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және робототехника бағытындағы перспективті жобалар көрмесін аралады.

Көрме барысында Мемлекет басшысына отандық мамандар әзірлеген инновациялық шешімдер мен цифрлық өнімдер таныстырылды. Атап айтқанда, Qazaq AI Research University базасында әзірленген AI-Enabled University моделі, Trusted Kazakhstan және ALFA жобалары, сондай-ақ Aitu ұлттық мессенджерінің жаңа функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.

Ұсынылған жобалар білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізуге, цифрлық қауіпсіздікті дамытуға және азаматтарға ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар жаңа технологияларды қолдану мемлекеттік басқару мен экономиканың түрлі салаларындағы жұмыс үдерістерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Көрме аясында «Самұрық-Қазына» қоры мен Higgsfield.ai компаниясының интеллектуалдық шешімдері де таныстырылды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы «Деректерді өңдеу орталығы алқабын» дамыту жоспарлары туралы ақпарат алды.

Бүгінде жасанды интеллект пен цифрландыру экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторына айналып отыр. Осы бағыттағы жобаларды дамыту жаңа технологияларды тәжірибеде қолдануға, цифрлық инфрақұрылымды жетілдіруге және отандық IT-сектордың әлеуетін арттыруға жол ашады.

Қазақстанда инновациялық бастамаларды қолдау және заманауи технологияларды түрлі салаға енгізу цифрлық трансформацияның негізгі бағыттарының бірі саналады. Мұндай жобалар отандық мамандардың тәжірибесін дамытуға, жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға және еліміздің өңірлік технологиялық хаб ретіндегі әлеуетін нығайтуға бағытталған.

AI & Digital Bridge 2026 форумы цифрлық даму мәселелерін талқылауға, инновациялық шешімдерді таныстыруға және технологиялық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге арналған маңызды алаң болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *