ШЫМКЕНТТЕ IX KAZAKHSTAN GLOBAL INVESTMENT ROUNDTABLE ӨТЕДІ

2026 жылғы 22 қазанда Шымкент қаласында IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR 2026) халықаралық инвестициялық форумы өтеді.

Биылғы форумның басты тақырыбы – «Тұрақтылықтан өсімге: Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі». Ірі халықаралық және отандық бизнес өкілдерін, инвесторлар мен сарапшыларды бір алаңға жинайтын іс-шара Қазақстанның инвестициялық әлеуетін танытуға және жаңа стратегиялық серіктестіктер орнатуға бағытталған.

Форумның күн тәртібінде сапалы инвестициялар мен заманауи технологияларды тарту, стратегиялық ынтымақтастықты нығайту және елдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мәселелері қаралады.

Панельдік сессияларда цифрлық экономиканы дамыту, жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалану арқылы жаңа өндірістік және логистикалық хабтар құру мүмкіндіктері талқыланады.

Пікірталасқа халықаралық деңгейдегі сарапшылар мен ірі компаниялардың басшылары қатысады. Атап айтқанда, «Masdar» компаниясының бас операциялық директоры доктор Ибрахим Әл-Мансури, Tamasuk Holding Company бас директоры Мэтью Натан, Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия мен Моңғолиядағы басқарушы директоры Хусейн Озхан, «Air Products» компаниясының Орталық Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі вице-президенті Вацлав Гарант, Cove Kaz Capital Group бас атқарушы директоры Доминик Хитон және басқа да беделді сарапшылар сөз сөйлейді.

Форум барысында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков те инвестициялық мүмкіндіктер мен қаланың экономикалық даму перспективалары жөнінде өзекті ойларымен бөліседі.

Іс-шара аясында коммерциялық келісімдерге қол қою рәсімі өткізіліп, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған бірқатар маңызды құжаттар рәсімделеді.

Сонымен қатар үздік инвестор компанияларды марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.

KGIR 2026 – Қазақстанның инвестициялық әлеуетін халықаралық деңгейде танытып, жаңа жобалар мен серіктестіктерге жол ашатын маңызды іскерлік алаң.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *