Шымкентте аптаның бір күні поэзияға арналады

Шымкент қаласында «Мәртебелі поэзия мінбері» атты  рухани бағдарлама бастау алған болатын. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасыр» мақаласында «Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» деген болатын.
Осы тұрғыда қайырымды қала тұрғындарын рухани азықтандыру мақсатында әр жұма поэзия күніне арналмақ. Шараға ТМД елдері мен республикаға танымал белгілі ақындар арнайы шақыртылып, мінберде ой мен сезімнен туындаған парасатты жырлар оқылмақ. Апта сайын өткізілетін осынау рухани шара Ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқумен басталатын болады.

Поэзия күнінің алғашқы қонағы ҚР жазушылар Одағының төрағасы, ақын,  журналист,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Ұлықбек Есдәулет болды.

«Отырар» кітапханасында өткен поэзия кешінде қаламгердің өлеңдері оқылып, шығармашылығынан кітаптар көрмесі қойылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*