Месячные архивы: Январь 2020

Бірнеше облыста көктайғақ салдарынан ескерту жарияланды

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК өкілдері хабарлады. 22-23 қаңтар аралығында Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды. Өңірлерде қар жауып, боран соғады, кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Читать далее »

Қытай вирусы: індеттің таралу қаупі жоғары

Қытайдың денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері 9 адамның өмірін жалмаған белгісіз вирустың мутацияға ұшырап, одан әрі таралуы мүмкін екенін айтып отыр. Ухань қаласынан басталған вирустан жапа шеккендердің саны 440-қа жеткен. Соңғы мәліметтерге сенсек, дерт белгілері Қытайдың бірнеше провинциясында, АҚШ, Таиланд және Оңтүстік Кореяда байқалған. Осыған дейін вирустың адамнан адамға жұғатыны айтылған еді. Дегенмен, Қытай әлі де белгісіз вирустың қайдан пайда болғанын ...

Читать далее »

Аманғали Бекболатов: Франциядағы турнир үлкен тәжірибе сыйлады

Францияның Ницца қаласындағы Гран-при турнирі аяқталды. Аталған сында грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Аманғали Бекболатов топ жарған болатын. Бұл туралы Olimpic.kz хабарлады. «Франциядағы Гран-при бәсекесі өте мықты балуандардың басын қосты. Турнирге Олимпиада, әлем чемпиондары мен Еуропа және Азия біріншіліктерінде көзге түскен балуандар келді, сондықтан мұндай айтулы додада жеңіске жету мен үшін үлкен мәртебе Ницца кілемінде Армениялық балуанды 8:0 есебімен ұттым. Кейін ...

Читать далее »

Бокс: Ухань қаласында өтетін Азия аймақтық іріктеу турнирі кейінге шегерілді

Қытайдың Ухань қаласында өтуі тиіс бокстан Азия аймақтық іріктеу турниріне белгісіз уақытқа кейінге шегерілді. Бұл туралы Olympic.kz  хабарлады. «3-14 ақпан аралығында бокстан Азия/Океания аймақтық іріктеу турнирі Қытайдың Ухань қаласында өтуі тиіс болатын. Аталған турнирде ерлер мен әйелдерді қоса есептегенде Токио Олимпиадасының 63 лицензиясы сарапқа салынады деп күтілген. Бүгін таңертең аккредитациядан өткен медиа өкілдеріне арналған хатта (оның ішінде Olympic.kz редакциясының журналистері ...

Читать далее »

Шымкент әкімі Kazakh Invest компаниясының төрағасымен кездесті

Шымкент қаласына инвестиция тарту мақсатында бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаевпен кездесті. Кездесу барысында Kazakh Invest компаниясының өкілдері көлік және логистика саласы бойынша бірқатар инвестициялық жобамен таныстырып өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Шымкент қаласы экономикалық әлеуеті зор, тұрақты дамып келе жатқан шаһар екенін айтқан қала ...

Читать далее »

Дмитрий Баландин брасс әдісімен 200 метрге жүзуден 4-орын алды

Қытай астанасы Бейжіңде Champions Swim Series жарысының екінші кезеңі аясында 200 метрге брасс әдісімен жүзу бәсекесі өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталған қашықтықты 2:12.36 көрсеткішімен жүзіп өткен Дмитрий Баландин 4-орын алды. Жарыс жолын 2.08.40-та бағындырған жапондық Ватанабэ Иппэй топ жарса, күмісті 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден өткен жылғы Еуропа чемпионы нидерландтық Арно Камминга ...

Читать далее »

Түркістандық спортшылар табысы

Түркістан облысының спортшылары ҚР чемпионаттарында жалпы 839 медальға (273 алтын, 274 күміс және 292 қола) қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында 139 медаль (68 алтын, 44 күміс және 27 қола) иеленген. Ал, әлем чемпионаттарында жалпы 72 медаль (31 алтын, 20 күміс және 21 қола) жеңіп алды. Жалпы өңір спортшылары барлық чемпионаттарда 372 алтын медальға ие болған. Өткен жылы облыста 13 халықаралық дәрежедегі ...

Читать далее »

Руханият пен ғылым жайы талқыланды

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында жазушы-драматург Роза Мұқанова мен Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Ақан Бижановты қабылдады» деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Роза Мұқанова Мемлекет басшысына Қазақ ұлттық өнер университетінің жас мамандарды даярлау бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында айтты. Əңгімелесу барысында отандық драматургия мен театр өнерін дамытудың өзекті мəселелері талқыланды. Ақан Бижанов Президентке Философия, саясаттану жəне дінтану институтының ...

Читать далее »

Түркі әлемінің ұлы ойшылы

Абай Құнанбайұлы – заманауи қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ретінде қазақ мәдениеті үшін де, бүкіл түрік әлемі мәдениеті үшін де маңызды тұлға. Ол қазақ тіліне, жалпы руханиятына, сондай-ақ бүкіл түркі әлемінің әдебиеті мен мәдениетіне жаңашылдық пен байлық әкелді, қаламының күшімен әлемді таңғалдырды. Өлеңдерінде де, қара сөздерінде де қазақ мәдениеті мен түрік мәдениетін әр қырынан танытты. Қазақстан Республикасының Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абайдың ...

Читать далее »

Шымкентте аптаның бір күні поэзияға арналады

Шымкент қаласында «Мәртебелі поэзия мінбері» атты  рухани бағдарлама бастау алған болатын. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасыр» мақаласында «Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» деген болатын. Осы тұрғыда қайырымды қала тұрғындарын рухани азықтандыру мақсатында әр жұма поэзия күніне арналмақ. Шараға ТМД елдері мен республикаға танымал белгілі ақындар ...

Читать далее »