ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласының Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жол сапасын жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімі Б. Әзімбердиевтің мәліметінше, 2026 жылы ауыз су, электр энергиясы, газ, кәріз жүйесі және абаттандыру салаларында бірқатар жоба жүзеге асырылған.

Қазіргі таңда Тұран ауданының аумағы 36 300 гектарды құрайды. Мұнда 22 шағын аудан, 39 357 жеке тұрғын үй мен 548 көпқабатты үй орналасқан. Жалпы тұрғындар саны – 232 708 адам. Аудан аумағында 1 229 көше мен 293 әлеуметтік нысан бар.

Инженерлік инфрақұрылым бойынша барлық 22 шағын аудан сапалы ауыз сумен және электр энергиясымен толық қамтылған. Құрсай шағын ауданында су жүйесін тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бірінші кезең аяқталып, пайдалануға берілсе, екінші кезеңді жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар биыл ауданда 12 жаңа трансформаторлық станция орнатылды.

Табиғи газбен қамту деңгейі 85,7 пайызды құрап, 19 шағын аудан көгілдір отын пайдаланып отыр. Құрсай мен Жаңаталаптың жекелеген аумақтарын газдандыру 2026–2027 жылдарға жоспарланған. Ал Айкөл шағын ауданында жобалық құжаттама әзірлеу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі. Кәріз жүйесімен 13 шағын аудан қамтылған. Қазіргі уақытта орталық аумақтағы және Қорғасын шағын ауданындағы 14 көшеде кәріз желілерінің құрылысы басталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *