ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында Арбат алаңында 2026 жылғы 28 қараша күні сағат 12:00-де ұлттық мәдениет пен этносаралық достықты дәріптейтін ерекше мереке – «ДОСТЫҚ» ЭТНОФЕСТИВАЛІ өтеді!

Фестиваль аясында ұлттық дәстүрлер мен қолөнер көрмесі, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, этномузыкалық ән мен би, салт-дәстүр көріністері ұсынылады.

Бүркітшілер мен саятшылар өнері, ұлттық спорт түрлері, шеберлік сабақтары, этно базар және заманауи креативтік өнер – барлығы бір алаңда!

«ДОСТЫҚ» – мәдениеттер тоғысқан, дәстүрлер жаңғырған, ынтымақ пен бірлікті ұлықтаған фестиваль!

Келіңіздер! Көріңіздер! Ұлттық мұрамызды бірге дәріптейік!

Фестивальде қолөнер шеберлерінің бұйымдарын тамашалап, шеберлік сабақтарына қатыса аласыздар. Балалар мен жастар ұлттық ойындармен танысып, бүркітшілер мен саятшылардың өнерін көре алады.

Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығына арналған бұл мереке Шымкентте тұратын түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін жақыннан тануға мүмкіндік береді. Отбасыңызбен, достарыңызбен бірге келіп, Арбат алаңында мерекелік күнді бірге өткізейік!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *