Ұлттық Құрылтайдың Қызылордада өткен бүгінгі отырысы ел тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болды.

Бұл жиында Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы жүйелі реформалардың жаңа белесі айқындалды.

Мемлекет басшысы парламенттік реформаның мән-маңызына арнайы тоқталып, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін аяқтап, оның орнына Халық Кеңесін құруды, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіне Вице-Президент лауазымын енгізуді ұсынды.

Бұл бастамалардың барлығы қазақ мемлекеттігінің негізін нығайтып, қоғамдық келісім мен жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Ұлттық Құрылтай өз миссиясын толық орындап, ел дамуына серпін берген тарихи институт ретінде есте қалатыны сөзсіз.