Моңғолия делегациясының Қазақстанға сапары аясында Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хуралының депутаты Нацагдоржийн Батсүмбэрэл және Моңғолия Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі Хангайгийн Алтаймен кездесу өтті.
Кездесу барысында Моңғол ұлттық партиясы мен «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты арасындағы екіжақты жастар саясаты аясындағы серіктестік мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, тараптар жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бастамалармен танысып, алдағы ынтымақтастық бағыттарын қарастырды.
Айта кетеміз, Халықаралық деңгейдегі мұндай кездесулер жастар саясатын дамытуға, тәжірибе алмасуға және ортақ бастамаларды іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.