Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Бас директоры Рафаэль Гроссиді Ақордада І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Жоғары мемлекеттік награда Қазақстан мен МАГАТЭ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және атом энергиясын бейбіт мақсатта дамытуға қосқан үлесі үшін берілді.