23 маусым – қоғам мен мемлекет арасындағы алтын көпір саналатын мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі. Бұл күн – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына өз үлесін қосып жүрген азаматтарға көрсетілетін ерекше құрметтің белгісі.
Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілік пен адалдықты талап ететін абыройлы міндет. Мемлекеттік қызметшілер күн сайын халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне қызмет етеді. Олардың кәсібилігі, біліктілігі мен отансүйгіштігі мемлекетке деген сенімнің нығаюына негіз болады.
Бүгінде мемлекеттік басқару жүйесінде ашықтық, әділдік және халыққа қызмет көрсету қағидаттары басты назарда. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар да артып келеді. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз ісіне адалдық танытып, қоғам мүддесіне қызмет етуді басты қағида ретінде ұстанады.
Мемлекеттік қызметші күні – ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық сала мамандарының еңбегіне алғыс білдіретін мереке. Барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жауапты қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық және ел дамуы жолындағы еңбектеріне толағай жетістіктер тілейміз!