Есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған акция өтті

Есірткі қылмысының алдын алу, заңсыз есірткі айналымына қарсы қоғамдық көзқарасты қалыптастыру және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Әділет» партиясының жастары еліміздің өңірлерінде арнайы акция ұйымдастырды.

Акция барысында белсенді жастар қоғамдық орындардағы есірткі заттарын насихаттайтын заңсыз жазуларды анықтап, оларды өшіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бір күннің ішінде еліміздің өңірлерінде 1000-ға жуық заңсыз жазу жойылды.

Аталған шаралар есірткі жарнамасының таралуына тосқауыл қоюға, қоғамдық ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жастарды зиянды әдеттерден қорғауға бағытталған.

Сонымен қатар, акция аясында жастарға есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы насихатталды. Белсенділер тұрғындарды заңсыз есірткі айналымына бейжай қарамауға және күмәнді жағдайлар туралы тиісті органдарға хабарлауға шақырды. Мұндай бастамалар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, есірткісіз қауіпсіз қоғам қалыптастыруға бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *