ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІКТЕР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жолдардың сапасын жақсарту, тұрғын үй аулаларын абаттандыру және әлеуметтік нысандарды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері бірқатар елді мекенде электр желілері жаңартылып, жолдар жөнделді, аяқжолдар мен балалар ойын алаңшалары салынып, жаңа қоғамдық кеңістіктер пайдалануға берілді.

Ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте аудан әкімі Досбол Есілбек  баяндады.

Жалпы аумағы 22,8 мың гектарды құрайтын Еңбекші ауданында 230 мыңнан астам тұрғын тұрады. Аудан құрамына 18 тұрғын алабы мен 11 шағынаудан кіреді. Бүгінде инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, ауыз сумен және табиғи газбен қамту деңгейі 97 пайызға, электрмен қамту 99,8 пайызға жеткен.

Инженерлік желілерді жаңғырту аясында 2026 жылы 6,29 шақырым электр желісі мен 4 трансформатор жаңартылды. Қарабастау және Жұлдыз тұрғын алаптарында қосымша 4 шақырым электр желісі тартылды. Сондай-ақ Базарқақпа тұрғын алабындағы қосалқы станцияның қуаты 10 мың кВт трансформаторы 25 мың кВт жаңа құрылғыға ауыстырылды.

Кәріз жүйесін дамыту бағытында да маңызды жобалар іске асырылуда. Базарқақпа тұрғын алабындағы Достық көшесінде 20 көпқабатты тұрғын үйдің 275 пәтері мен жеке сектордағы 400 абонентті қамтитын кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Ұлағат шағынауданында жүйені іске қосу және абоненттерді қосу жұмыстары атқарылуда.

Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында биыл 29 көшенің тұйықтарын асфальттау жоспарланып, оның 24-інде жұмыс аяқталды. Сонымен қатар 17 көшедегі 19,5 шақырым жол жабыны жаңартылды. Жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау үшін 16 көшеде 8 шақырым аяқжол төселді.

Су басу қаупінің алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелерді дамытуға басымдық берілген. 2026 жылы жоспарланған 20 мекенжайдағы 6,3 шақырым арық жүйесінің 12 мекенжайдағы құрылысы толық аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *