БАРЛЫҚ СӨЗДІКТІ, СОНЫҢ ІШІНДЕ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТІ ЖАҢАРТАТЫН УАҚЫТ КЕЛДІ

Қазақ тілінің орфографиялық нормаларын біріздендіру – мемлекеттік тілдің дамуына тың серпін беретін маңызды қадам. Әсіресе, білім беру жүйесінде, мемлекеттік мекемелерде, бұқаралық ақпарат құралдарында және цифрлық кеңістікте сөздердің дұрыс әрі біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету қажет. Бұл бағытта тіл мамандары, ғалымдар мен сала сарапшыларының қатысуымен кешенді жұмыстар жүргізіліп, заман талабына сай ортақ тілдік стандарттар қалыптастырылуы тиіс. Мұндай бастамалар қазақ тілінің ғылыми негізін нығайтып, оның қоғамдағы қолданыс аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қазақ тілінің сөздік қорын жүйелеу, жаңа терминдер мен ұғымдарды ұлттық тілдік ерекшеліктерге сәйкес қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Ғылым мен технологияның қарқынды дамуы тілімізге жаңа сөздер мен түсініктерді енгізіп отырғандықтан, оларды бірізді қолданудың маңызы арта түсуде. Жаңартылған орфографиялық сөздік көпшілікке қолжетімді болып, электронды форматта да ұсынылуы тиіс. Бұл азаматтардың сауатты жазуына, мемлекеттік тілдің беделін арттыруға және қазақ тілін болашақ ұрпаққа жүйелі әрі бай қалпында жеткізуге берік негіз болады.

Осы жерде  тағы бір  өзекті мәселеге тоқталып өткен жөн деп санаймын. Бұл – тілдегі бірізділік мәселесі. Өкінішке қарай, қазір  қазақ тіліндегі кейбір сөздер, ұғымдар, тіпті, түсініктер әртүрлі қолданылып жүр. Бұл – жылы жауып қоя салатын жеңіл-желпі дүние емес. Себебі, мұндай жағдай  жұртты шатастырып, тіл тазалығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан, қазақ тілін қолдану ісінде нақты жүйенің, белгілі бір тәртіптің болуына баса мән берген жөн. Жалпы осы мәселеге кең ауқымда қараған дұрыс.

Ең алдымен, емле мен ережені түгендеп, жүйелеу керек.

Бұған қоса, барлық сөздікті, соның ішінде орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді.

Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен ресми түрде бекітілген Қазақ тілінің Орфография сөздігі

Кеңес заманында, яғни 1983 (мың тоғыз жүз сексен үшінші) жылы шыққан. Әрине, одан кейін де бірнеше сөздік жарық көрді.

Алайда, олардың ешқайсысы  мемлекеттік деңгейде бекітілмеген, заңды күші жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *