ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢНІҢ БАҒЫТТАРЫ: ШЫМКЕНТТЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ АШЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

2026 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы жарияланғаннан кейін мегаполиске жұмыс сапарымен министрліктердің, Халық кеңесінің өкілдері келді. Сондай-ақ қалалық Қоғамдық кеңестің өкілдері Шымкенттің барлық аудандарында бірқатар кездесу өткізді.

Ауқымды сапардың басты мақсаты – Президент айқындаған негізгі бағдарларды түсіндіру және мегаполис тұрғындарының талап-тілектерін тікелей өз аузынан есту.

Қаланың барынша көп аумағын және кәсіби қауымдастықтарын қамту үшін жұмыс тобы бірнеше ақпараттық топқа бөлінді. Бірінші жұмыс тобының құрамына ҚР Ұлттық құрылтайының І шақырылым депутаты Б.М. Нарымбетов, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Т. Дәулеталин және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Б.А. Джусипов кірді.

Кездесулер барысында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген стратегиялық басымдықтар, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, еңбек қатынастарын нығайту және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына тоқталып, қолға алынған реформалардың маңызын түсіндірді. Сондай-ақ тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.

Ашық диалог форматында ұйымдастырылған кездесулер тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік берді. Қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Мұндай кездесулер халықтың мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысу белсенділігін арттыруға, қоғамдағы өзара сенімді нығайтуға және Президент Жолдауында айқындалған міндеттерді жергілікті деңгейде тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *